Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Күдебаевқа қашуға көмектескендерді анықтаймыз – Бас прокуратура

Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескендерді анықтайды.

12.04.2023
Жаңалық

«Қырғыз тарапы да Күдебаевтің мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Яғни қылмыстық іс оны іздестіру бойынша ғана емес, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісіне қатысты да қозғалып отыр. Біз Күдебаевтің мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуін ұйымдастырғандарды да анықтамақпыз. Сондықтан қырғыз тарапының көмегі қажет. Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуіне кімнің және қалай көмек көрсеткені маңызды», — деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, Қазақстанның Түркиямен құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты келісімі бар. Оның шеңберінде түрік тарапымен жұмыс қолға алынды.

«Бүгінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық фактілер жан-жақты зерттеледі. Аталған іспен Бас прокуратураның арнайы қызметі айналысып жатыр. Күдебаевқа қолдау көрсеткен және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту үшін жағдай жасаған барлық өңірді қамтитын боламыз», — дейді ол.

Тегтер: ҚР Бас прокуратураСерік Күдебаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz