Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Корея ғалымдары Қазақстаннан кен орнын тапты

Корея ғалымдары Қазақстанда литий кен орнын тапты, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2024
Жаңалықтар

Кореяның геологиялық ғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM) былтыр Қазақстанда литий кен орнын ашқаны хабарланды. Геологтар мәліметінше, кен орны ауданы 1,6 шаршы шақырым болады және Қазақстанның шығысында орналасқан. Тантал әдетте литий және цезиймен бірге пайда болатынын ескере отырып, институт былтыр мамырдан бері Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша бұл аумақты зерттеп жатыр.

Табылған ресурстар құны шамамен 15,7 миллиард долларға бағаланады.

«Канада агенттігінің талдауына сәйкес, бұл аймақта табылған литийдің мөлшері 5,3 пайызға жетті. Өз кезегінде, Батыс Аустралиядағы шахтадан алынған литийдің мөлшері 2,1 пайыз болады», — деп жазады The Korea Times.

Литий аккумуляторлардың негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, электромобиль өнеркәсібі және басқа да заманауи салалар үшін маңызды минералдардың бірі болып табылады.

KIGAM келесі жылы литий өндіруді бастау үшін учаскеде бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр. Компания туралы мәліметтер жарияланбайды.

Мәліметтерді Экология және табиғи ресурстар министрлігінен нақтылау жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Кен орны

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz