Алдын ала нәтижелер жарияланғаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа орталығы» студиясында сөз сөйлеп, ел негізгі заңды жаңарту жолында тарихи таңдау жасағанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы сондай-ақ биылдан бастап 15 наурыз жыл сайын Конституция күні ретінде атап өтілетінін хабарлады.





