Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Комиссияда Құрылтай төрағасына қойылатын талаптар нақтыланды

Бір палаталы Құрылтайды басқаратын төраға мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі тиіс. Мұндай ұсыныс бүгін Астанада өткен Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.01.2026
Жаңалықтар

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Құрылтай төрағасын сайлау тәртібіне қатысты өзгерістер ұсынылғанын мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, Құрылтай төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы сайлануы тиіс.

«Құрылтайды мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған төраға басқарады. Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатураны Қазақстан президенті ұсынады», – деді Нұрлан Бекназаров.

Конституциялық реформа аясында Құрылтай төрағасының өкілеттіктері де айқындалып отыр. Атап айтқанда, төраға Құрылтай отырысын шақыруға, төрағалық етуге және қызметін регламентке сәйкес ұйымдастыруға жауапты болады.

Ұсыныстарға сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясын Қазақстан президенті сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей шақыруы тиіс.

«Құрылтайдың кезекті сессияларын өткізу мерзімі нақтыланған. Құрылтай сессиясын Қазақстан президенті ашады», – деді Бекназаров.

Құрылтай сессиялары арасындағы кезеңде Қазақстан президенті өз бастамасымен немесе Құрылтай төрағасының не депутаттардың кемінде үштен бірінің ұсынысымен кезектен тыс сессия шақыра алады.

Мұндай жағдайда тек сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Резкое потепление ожидается в Алматинской области

Николай Иващенко
26.03.2026

Токаев наградил чемпиона ХІV зимних Паралимпийских игр Ербола Хамитова

Николай Иващенко
26.03.2026

Полиция ЗКО подтвердила обнаружение возможных обломков БПЛА

Николай Иващенко
26.03.2026

Cоставы LRT при тестах достигли максимальной скорости 80 км/ч

Николай Иващенко
26.03.2026

Спасатели Алматинской области вызволили из болота авто

Николай Иващенко
26.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz