Қаладағы маңызды нысандардың бірі саналатын телемұнарада орнатылған арнайы таймер алдағы республикалық референдумға дейін қанша уақыт қалғанын көрсетіп тұр. Бұл бастама тұрғындардың назарын алдағы саяси науқанға аударып, дауыс беру күні туралы ақпараттандыруды көздейді.
Кешкі және түнгі уақытта мұнара ерекше жарықпен безендіріліп, мемлекеттік рәміздер, ұлттық ою-өрнектер, сондай-ақ референдум өтетін күн — 15 наурыз және қалған күндердің саны бейнеленеді. Жарық инсталляциясы Көктөбені қаланың басты визуалды символдарының біріне айналдырып, тұрғындар мен туристердің қызығушылығын арттырды.
Алматы тұрғындары мен қонақтары әсем жарық безендіруін жоғары бағалап, оны алдағы дауыс беру күнін еске салатын ерекше әрі әсерлі көрініс ретінде атап өтті.
Еске салайық, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Әрбір азамат дауыс беруге қатысып, ел болашағына қатысты өз пікірін білдіре алады.





