«Қазгидромет» РМК бүгін, 12 желтоқсанда Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Маңғыстау облысы: Батыс және оңтүстік аудандарда желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысы: Түнде және таңертең аймақтың батысы, оңтүстігі, таулы аудандары мен орталығында тұман түседі.
Абай облысы: Батыс, солтүстік және орталық бөліктерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысы: Түнде және таңертең көктайғақ болады. 13 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіліп, оңтүстіктен батысқа ойысатын желдің жылдамдығы 15-25 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстік және шығыс аудандарда жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с деңгейінде болады.
Қарағанды облысы: Батыс және солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын күтіледі, шығыс пен оңтүстікте тұман байқалады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысы: Солтүстік және шығыс бөліктерде жаяу бұрқасын, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысы: Түнде және күндіз тұман мен көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысы: Батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда көктайғақ пен тұман болады.
Қостанай облысы: Солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысы: Алакөл көлдері аймағында желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысы: Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде жаяу бұрқасын, желдің екпіні 23-28 м/с дейін көтеріледі.
Павлодар облысы: Батыс және оңтүстік аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Бұл өңірлерде тұрғындарға сақтық шараларын қабылдау ұсынылады.