Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көксу ауданының әкімі тағайындалды

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Көлбаев Марлен Қапашұлы Көксу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

02.08.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Көлбаев Марлен Қапашұлы 1976 жылы туған, білімі жоғары. «Жетісу» институтын «экономика және менеджмент», Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Ішкі істер басқармасы күзет бөлімінің полиция қызметкері болып бастаған. Бұдан соң, «Жетісу» экономикалық институтында түрлі қызметтер атқарды.

Әр жылдарда Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ агроөнеркәсіп кешені департаментінің бас менеджері, Талдықорған қалалық адами ресурстарды басқару департаментінің жобаларды басқарудың бас менеджері, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-ның Талдықорған аймағы бойынша бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2018 жылдың желтоқсаннан бастап Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымында болды.

Ал Алмас Қабдулұлы Әділ басқа жұмысқа ауысуына байланысты Көксу ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Тегтер: Жетісу облысыКөксу ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz