Мұқырыда алғашқы болып үйіне газ кіргізілген тұрғын — 44 жыл жергілікті мектепте ұстаз болған, Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтің қызы Рәбиға Алдабергенова. Бұл үйге «BSP групп» компаниясы жергілікті әкімдікпен бірлесіп газды тегін қосып берді. Зейнеткер газ тарту ісінің басы-қасында жүрген жандарға алғысын айтты.
Жалпы Көксу ауданда қазір 20 503 адамның немесе тұрғындардың 43,7% көгілдір отынға қосылуына жағдай жасалған.
Айта кетейік, 2020-2022 жылдарға Көксу ауданындағы 8 елді мекенді газдандыруға бюджеттен 2,023 млрд. теңге бөлінген.