Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Киім мен аяқ-киімге байланысты ырым-тыйымдар.

19.09.2022
Жаңалықтар

Ежелгі таным бойынша адам мен оның заттары арасында ерекше энергетикалық байланыс бар деп саналады. Сондықтан дұға оқып, қастық жасау үшін әлгі адамның бір киіміне қол жеткізсе, сол да жетеді деп есептелген. Киімді адамға зиян келтіріп қана қоймай, сонымен бірге сәттілік, одан да басқа жақсылықтар келтіру үшін де «оқыған». Әрине, үйдегі ескі-құсқысын таратып беріп, жолым ашылды деп жататындар көп кездеседі. Бірақ адамдар киген киімін бұрындары кім көрінгенге бере бермеген. Көбіне, жақын адамдарына берген, өйткені ол туысқанына жамандық ойламайды деп санаған. Сол секілді тек қайтыс болған адамның киімін ғана таратқан.

Тіпті, қайырымдылық мақсатта киілген киімдерді мешітке немесе тағы бөтен біреулерге таратып бергіңіз келетін болса, онда оны алдымен арнайы тәсілмен жуып алған жөн. Ертеректе адамдар біреуге беретін киімін тұзбен жуған. Бүгін де дәл солай жасауға болады. Мысалы, кір ұнтағына тұзды қосасыз, ал аяқ киімді кенеп қапқа салу керек. Аяқ киім — адамның энергиясын көп жинайтын дүние. Эзотерикалық тәжірибенің басым көпшілігіне сәйкес, сексенге жуық энергия арналары аяқтың табаны арқылы өтеді. Яғни, адаммен ең жақын әрі ұзаққа созылатын энергетикалық байланыс кроссовка, етік және басқа да аяқ киімдер арқылы жүреді.

Тағы қандай заттарды беруге болмайды?

Бөтен адамдарға киім мен аяқ киімнен басқа да мынандай заттарды беруге болмайды:

— матрацтар, кілемшелер, төсек-орын, көрпе-жастық;

— орамалдар, бас киімдер және басқалар;

— іш киімдер және денеге тиетін — футболка, жейде, пижамалар;

— әмиян, сөмке, рюкзак ​​және тағы басқалар.

Ешқандай жағдайда өзіңіз пайдаланатын айнаңызды біреуге, тіпті бірнеше минутқа да бермеңіз.

Ерте заманда тағы мынандай бір ырым болған. Егер адам ауырып қалса, туыстары оның көйлегін киіп, үйден аулақ кетіп, тойға немесе жәрмеңке барып, көңіл көтеріп қайтқан. Немесе оны алып кетіп, қайыршы адамға берген. Осылайша, адамдар туысқандарының ауруын бөтен адамға «ауыстырған». Сондықтан, бұрын қолданылған заттарды сатып алу кезінде және оны кигенде сақ болған жөн.

Тегтер: кеңес

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz