Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап құжат рәсімдеу бағасы өседі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт, жүргізуші куәлігі және бірқатар ресми құжаттарды рәсімдеу құны өседі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.12.2025
Жаңалықтар

Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін көтерілуі себеп. Жаңа мөлшерлеме Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте бекітілген.

АЕК-тің өзгеруіне байланысты келесі жылы мемлекеттік баж мөлшерлері де қайта қаралады:

  • 16 жасқа дейінгі балаға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 теңге (2025 жылы – 15 728 теңге)

  • 36 беттік паспорт – 34 600 теңге (2025 жылы – 31 456 теңге)

  • 48 беттік паспорт – 51 900 теңге (2025 жылы – 47 184 теңге)

  • Жеке куәлік – 865 теңге (2025 жылы – 786 теңге)

Жеке куәлікті бір жылда екі реттен жиі жоғалтқан жағдайда азамат 1 АЕК — 4 325 теңге төлейді.

2026 жылы жүргізуші куәлігін рәсімдеу құны 5 406 теңге болады (1,25 АЕК).

Неке қию куәлігінің бағасы да өседі — жаңа жылдан бастап ол 1 АЕК — 4 325 теңге.
Ал некені бұзу үшін мемлекеттік баж 8 650 теңгеге (2 АЕК) дейін қымбаттайды. Бұл — некені тіркеуден екі есе жоғары.

Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін беріледі. Алайда құжатты қайта рәсімдеу қажет болған жағдайда 0,5 АЕК — 2 163 теңге төленеді.

Келесі санаттағы азаматтар құжаттарды тегін рәсімдей алады:

  • ел батырлары және жоғары мемлекеттік наградалары бар тұлғалар;

  • «Күміс алқа», «Алтын алқа» сияқты құрметті атағы бар көпбалалы аналар;

  • соғыс ардагерлері және жауынгерлік әрекеттерге қатысушылар;

  • мүмкіндігі шектеулі азаматтар және мүгедектігі бар балалардың ата-аналары;

  • әлеуметтік мекемелердегі қарттар;

  • жетім балалар және толық мемлекеттік қамқорлықтағы тәрбиеленушілер;

  • Чернобыль апатынан зардап шеккендер.

Тегтер: бағақұжат

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz