2025 жылы елімізде балабақшаға қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қазіргі жүйе бойынша ата-аналар балабақшаны тұрғылықты мекенжайына қарай таңдайды. Ал жаңа тәртіп бойынша олар баласын қалаған кез келген балабақшаға бере алады.
Мемлекет бұл жүйені ваучерлік қаржыландыру арқылы іске асырмақ. Яғни, қаражат балабақшаға тіркеу аяқталғаннан кейін ғана бөлінеді. Жаңа бастама бірнеше өңірде пилоттық режимде сынақтан өтіп, жақсы нәтиже көрсеткен. Мысалы, Тараз қаласында кезекте тұрған 1700 баланың саны ваучерлік қаржыландыру арқылы 17 балаға дейін азайған.