Сот қылмыскер Берік Маратұлы Жолдасовты педагогикалық және кәмелетке толмаған балаларға қатысты лауазымды жұмыстарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 25 жыл мерзімге соттау түріндегі жаза тағайындады.
Сондай-ақ, Жолдасовқа химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.
Облыстық ПД хабарланғандай, Түркістан облысында өгей әкесі 8 жасар қызын зорлаған.
Зардап шеккен қыздың анасы бұқаралық ақпарат құралдарына күдіктіге ең ауыр жаза беру керектігін айтты. Белгілі болғандай, ер адам арам ойын үйде ешкім болмаған кезде жүзеге асырып, қызды мектепке жіберген. Қан кетуіне және уақтылы медициналық көмек көрсетілмеуіне байланысты қыздың мүшелері зақымдалған.