Олар жеке кәсіпкерден ақшалай қаражат талап еткен. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 194 — бабының 2-бөлігі (бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы бопсалау) бойынша қылмыстық іс басталды», — деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елдар Әбдікенов.