Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Елде дәрігерлер жетіспейді – Нұрлан Арын

Бұл туралы балалар хирургы, медицина ғылымдарының докторы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрлан Арын сөз етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

05.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Дәрігерлер мемлекетке жұмыс жасағаннан гөрі, жеке меншік медицина орталықтарында қызмет еткенді құп көреді. Еңбекақысы көбірек, қолайлы ортада кім жұмыс жасағысы келмейді дейсіз? Әсіресе, біздің саламызда мемлекеттік пен меншіктің аражігі ажырап тұрған соң, дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі өзекті болып тұр» — деді, ол сөзінде.

Десе де, ақ халаттылар арасындағы ынтымақ та, бірлік те жоғалмаған. Бұған дәлел, жыл сайын өткізілетін халықаралық ғылыми конференциялар. Көрген-білгенді, ойға түйгенді айтып, сала мәселесін талқылайтын жиындардың халыққа да, маманға да берері мол.

«Осы жылғы конференцияда Алматы облыстық балалар ауруханасының директоры Арман Серікбайұлы маған биыл «Балалар жылы» ғой, балапандарға тегін көмек көрсетсек» деп қолқа салды. Бірден ұсынысын қабылдап, шілде айында Талдықорғанға келіп, 3 балаға ота жасадым. Оның бірі — өкпе және бауыр эхиноккозы болса, екіншісі – колостома, үшіншісі – тоқ ішек анастомозы. Сонымен қатар, жас мамандарға шеберлік сағатын ұйымдастырып, тәжірибеммен бөлістім», — деді дәрігер.

Елімізде 2023 жылға дейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге артады. 2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге бюджеттен 361 миллиард теңге бөлінген.

Тегтер: кадрмедицина

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz