Испанияның Аликанте қаласындағы Ла Флорида аймағында төрт жыл бойы садақа сұрап жүрген әйел аяқ астынан миллион еуроға ие болды. Күн сайын таңертеңгі тоғызда ол Estanco 54 лотерея дүкеніне қарама-қарсы тұрған супермаркетке келіп, қайыр сұрап отыратын. Әйел төрт жыл бойы үздіксіз Estanco 54-тен лотерея билеттерін сатып алып отырған.
Бір күні лоторея дүкенінің иесі Мари-Ангелес Торрегроссаға ұтыс ойыны өтетін студиядан хабарласып, ұтып алынған лоторея билеті оның дүкенінен сатылғанын айтқан. Яғни сатылған билеттердің бірі миллион евродан артық соманы ұтып алған. Ол кезде нақты кімнің миллион ұтып алғаны белгісіз еді.
«Біз тұрақты клиенттеріміздің қайсысы жеңетінін білмедік! Мерседес болуы мүмкін деп тіпті ойламадым. Мен анама хабарластым, өйткені ол күнде Бонолото билетін сатып алады, бірақ нөмірлері сәйкес келмеді», — деді лотерея дүкенінің иесі.
Қайыр тілеп өмір сүріп жүрген Мерседес үшін 1,2 миллион еуро ұтып алу әрине күтпеген жағдай болды. Аяқ асты бай адам болып шыға келген Мерседестің өмірі оңай болмаған. Бес жыл бұрын қиын жағдайға тап болып, қаржылық жағынан қатты қиналған. Сондықтан көшеден қайыр сұрауға мәжбүр болған.