Бүгінгі ойындарда қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен өнер көрсетті: дзюдо, суға жүзу, спорттық гимнастика, кикбоксинг, каратэ-до спорты. Кикбоксингте 51 келіде сынға түскен Нұрсұлтан Жұмабаев жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда өзбекстандық қарсыласын қапы қалдырып кетті. Сондай-ақ аталған жарыс түрінен Әлихан Оздоев (67 келі), Марат Өсіпов (71 келі) алтыннан алқа тақты. Ал спорттық гимнастикадан қыздар командалық есепте үшінші орынға табан тіреді.
Қазақстандық спортшылардың ойын барысындағы жетістіктерін бұған дейін де жазған болатынбыз. Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған, бүгін аяқталады.