Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Халықаралық бақылаушы: жастар дауысын ертеңгі күнге деген үмітке берді

Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті, АҚШ-тан келген халықаралық бақылаушы Дэниел Витт Қазақстанда кезектен тыс өткен Президент сайлауында жастардың рөлі ерекше болғанын атап өтті , деп хабарлайды Alataunews.kz.

21.11.2022
Жаңалықтар

«Біз 4 сайлау учаскесі қалай жабылғанын көрдік. Біз еркін, әділ сайлауға бақылаушы болдық. Мұны халықаралық және қазақстандық тәуелсіз бақылаушылар да растады. Жергілікті бақылаушылардың орташа жасы 35-тен кіші. Сенбі күнінде біз кандидаттардың өкілдерімен кездесіп, «Процес әділ ұйымдастырылып жатыр ма?» деген сұрақ қойдық. Бәрі сенімді түрде «иә» деп жауап берді», — деді АҚШ бақылаушысы.

Сондай-ақ, ол дауыс берушілермен кері байланыс орнату арқылы жалпы жағдайға көңілдері толғандықтарын айтты.

«Жас сайлаушылармен, егде жастағы сайлаушылармен сұхбаттасып, халықтың, әсіресе жастардың, үміті басым екенін көрдік. Мен қазір жастарға басымдық беріп айтқым келеді. Яғни, 35-тен жас адамдар туралы айтып отырмын. Олар тұрақтылық, қауіпсіздік және тәуелсіздік деген ұғымды өздігінен болатын игілік деп қабылдамайды. Меніңше, қаңтардың қайғылы оқиғасы осыны жақсы көрсеткен сияқты. Жалпы өңірдегі жағдайды ескерсек, мұның бәрі түсінікті. Кеше олар өз дауыстарын үмітке берді. Бұл сайлау қорытындысымен де үндеседі. Өйкені, бұл – үмітке берілген дауыс, Президент Тоқаевтың өз уәдесін орындай алады және демократиялық реформаларды жалғастырады деген үмітке берілген дауыс. Біз кеше демократия жолындағы, демократияға жол алған шешімді қадам жасалды деп есептейміз. Менің әріптестерім осыған келіседі деп ойлаймын», — деді Дэниелл Витт.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz