Әр елден келген әскери қызметшілер жауынгерлік шеберлігін жеке және топ құрамында көрсетіп, оқ атудан жарысады.
«Армия халықаралық ойындары шеңберіндегі «Тактикалық мерген» сайысы Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында өтеді. Бұл ойын алғаш рет өткен жылы Ресейдің Рязань қаласындағы оқу-жаттығу полигонында өткізілген болатын. Ол жерде біздің құрама үшінші орын алған», — деді Қарулы күштер арнайы операциялар қолбасшысының орынбасары, полковник Абай Абдуллаев.
Шарт бойынша қатысушы ел он адамды іріктеп жібергеннен кейін, олар төрт конкурстың аясында өткізілетін төрт кезеңге қатысуға дайын болуы керек. Бірінші кезең барысында жеке дара дайындығы тексеріледі. Әр мерген қысқа мерзім ішінде нысананы айқындап және оны жоя білуі керек. Екінші кезеңде, жауынгерлік жұптардың өзара іс-қимыл жасай білу деңгейі тексеріледі. Үшінші кезең барысында топ құрамында іс-қимыл жасауы керек. Төртінші кезең – конкурстың ережеден тыс «Дуэль» атты сынақ.
Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданғаннан бері оған қатысуға биыл 12 ел ниет білдірген. Орта Азия елдерінен Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей құрамасы, Қытай және Мали, Никарагуа сияқты елдердің әскерилері бақ сынайды.