Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,7 пайызы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.
Сауалнама 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129 учаске қалаларда, ал 71 учаске ауылдық жерлерде орналасқан.
Жалпы сауалнамаға 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face, яғни бетпе-бет сұхбат алу әдісі арқылы сұрақтар қойған.
Мамандардың мәліметінше, жүргізілген зерттеу нәтижелерінің қателік деңгейі 1 пайыздан аспайды.





