Жедел іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді.
Ұсталған азамат есірткіні қаланың қақ ортасындағы жалдамалы пәтерде отырып, интернет арқылы онлайн сатып келген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Күдікті 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.