Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы аясында прокуратура әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттап, жарнамалап, сатумен айналысатын телеграм-каналдарды анықтады.
«Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм-канал бұғатталды,» — деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.
Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып, заңсыз қызметпен күресуде жүйелі шаралар қолдануда.