Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Есірткі өндірісімен айналысатындар қолға түсті

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

06.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның тиісті құрылымдарымен күш біріктіріп Орталық Азия елдеріне бағытталған заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық синдикаттың жолын кесті.

«Көп кезеңді жедел іс-шаралар шеңберінде 2-3 маусымда Алматы қаласында «альфа-PVP» есірткі затының 17,7 келісін тасымалдау және сақтау кезінде есірткі қылмысына қатысты топтың 4 көмекшісі ұсталды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды. Есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналған болып шықты. Қылмыстық топтың байланыстарын жою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен өзара іс-қимылды іске асырды. Нәтижесінде, 5 маусымда Бішкек қаласында жасырын жерден 3 келі есірткі затын алу кезінде Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды. Арнайы операцияның соңғы кезеңі Өскемен және Шымкент қалаларындағы бірмезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталуымен аяқталды. Оларды тексеру барысында 2 келі есірткі табылды», — делінген Комитет ақпаратында.

Жалпы, терроризмге қарсы операция барысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 22,7 келі (68 мың бір реттік дозаға тең). Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс-шаралар жүріп жатыр.

Тегтер: Есірткіқылмыстық ісҚырғызстанҰҚК

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz