Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді.
Сондай-ақ қабылдауда Президентке аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы барысы жөнінде баяндалды.
Н. Годунованың айтуынша, есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.