Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды, alataunews.kz.
• Қостанайда түнде бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
• Жетісу облысында шығыс, орталық және таулы аудандарда тұман түседі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
• Маңғыстау облысында тұман түседі, әсіресе Ақтауда түнде және таңертең көріну нашарлайды.
• Көкшетауда бұрқасын, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
• Атырау облысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
• Ақтөбе облысында көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.
• Петропавлда бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жел күші 15-20 м/с, ал түнде 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.
• Қызылорда облысында тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с.
• Батыс Қазақстан облысында тұман болады, әсіресе Оралда түнде және таңертең.
• Қарағандыда қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с.
• Семейде бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 25 м/с-қа жетеді.
• Өскеменде жаяу бұрқасын, желдің таңертеңгі және күндізгі жылдамдығы 17-22 м/с.
• Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болады, жел күші 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
• Павлодарда жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.