Армения астанасы Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығындағы жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 15 адамға жетті.
Құтқару-іздестіру кезінде 15 адамның мәйіті табылды.
Медициналық көмекке 60 адам жүгінді, олардың 12-сі емделіп жатыр, 48-і ауруханадан шығарылды.
16 тамыз күні таңертеңгі жағдай бойынша 18 адам хабар-ошарсыз кеткен. Армения ТЖМ баспасөз хатшысы Айка Костанянның айтуынша, олардың арасында бір Ресей азаматы және бір Иран азаматы бар.
Оқиға орнындағы жұмыстарға 185 құтқарушы, 20 су тасығыш, Ереван мэриясының қосымша 7 техникасы жұмылдырылды. Үйінділер 8000-9000 шаршы метр аумақты алып жатыр.