Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасы «Рахат» АҚ кірпіш зауыты құрылысында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде аталған зауыттың сәулет-құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтіні анықталды.
«Бұл зауыттың құрылыс жүргізуге рұқсаты болмаған. Талдаудан соң прокуратура қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-не сай, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны және заңсыз құрылыс жүргізген үшін заңды тұлғаның атына хаттама толтырды», — дейді баспасөз хатшысы Мақсат Ержанұлы.
Оның айтуынша, мән-жайдан хабардар болған облыстық Сәулет-құрылыс басқармасы сот қарауында жатқан құрылысты сүріп тастауды талап етті.
Алдағы уақытта мәселенің жай-жапсары туралы кеңінен жазамыз.