Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еңбек министрі Қазақстанға келген ресейліктер қайда жұмысқа орналасып жатқанын айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресейден келген еңбек мигранттары қайда жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

11.10.2022
Жаңалықтар

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 22,5 мың ресейлік азамат жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын төлейді. Оның 8 мыңы жыл басынан бері жұмысқа орналастырылған.

«Адамдар жұмысқа орналасу мақсатында келеді, жұмыс істейміз дейді. Бірақ біз әрдайым жалақының 10% шегерімі бар ма, соған қарай есептейміз. Егер ол болса, онда нақты жұмыс орындары бар деген сөз», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Ресейліктердің көбі, яғни 72% қызмет көрсету саласында, 16% өнеркәсіпте, 9%-ға жуығы құрылыста, 2% ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

«Қазақстандағы ресейліктердің атқаратын қызметтері – есепші, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тасымалдаумен айналысатын тұлғалар және жүргізушілер», — деді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болмағандықтан Ресейден келген мұғалімдер қазақстандық мектептерде сабақ бере алмайтынын айтқан еді. Бірақ Ресейден келген дәрігерлер жұмыс таба алады. Ол үшін университетті бітіргені туралы диплом мен Қазақстандағы аттестаттау сертификаты болса, жеткілікті.

Тегтер: жұмысҚазақстанРесейТамара Дүйсенова

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz