Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді такси жүргізушілері де салық төлейді

Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыс істейтін такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

05.12.2022
Жаңалықтар

«Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Салық агенттері рөлінде онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады. Олар осында жұмыс істейтін азаматтардың атынан тиісті төлемдерді жүргізеді», — деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол Әлеуметтік кодекс жобасында әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға мәселесі ескерілгенін айтты.

«5 әлеуметтік тәуекелден сақтандыруды көздейтін қолданыстағы сақтандыру жүйесі халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе ретінде сақталады. Дегенмен, оның мақсатты міндеті өзгеріске ұшырайды. Жүйе тек әлеуметтік төлемдер төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен азаматтарды ресми түрде жұмыспен қамтуға ынталандыруды көздейді. Осыған орай Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы жұмыскерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Олар үшін салық жүктемесі ендігі жылы 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді», — деді Тамара Дүйсенова.

Тегтер: салықтакси

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz