Шетелдіктерден биометриялық деректерді жинау бойынша тәжірибе жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.
БҰл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі айтты.
2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 30 маусымына дейін Мәскеудің халықаралық әуежайларына (Домодедово, Шереметьево, Внуково және Жуковский), сондай – ақ Орынбор облысындағы Маштаково автомобиль өткізу пункті арқылы келетін барлық шетелдіктер биометриялық деректерін, яғни бет бейнесі мен саусақ іздерін тапсыруға міндетті.
2025 жылдың 30 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін эксперимент Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерін қамтиды. Осы кезеңде әрбір келуші шетелдік (оның ішінде ҚР азаматы) үшін цифрлық бейін қалыптастырылатын болады.
Сонымен қатар, ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің мәліметінше, кейбір адамдар мұндай тексеру тәжірибесінен босатылады. Олар:
- Ресей Федерациясында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар мен олардың отбасы мүшелері;
- дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері;
- 6 жасқа дейінгі балалар.