Абай облысында Қытайға жаяу өтуге мүмкіндік беретін Бақты кеден бекеті ашылды деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұл бастама екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшылар үшін ыңғайлы жағдай жасауға және сауда айналымын арттыруға бағытталған.
Бақты бекетіндегі терминалдарды қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталғанға дейін жолаушылар белгіленген тәртіппен, заңнама талаптарына сәйкес өтеді.
Сонымен қатар, жолаушыларға айына бір рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат беріледі. Ал халықаралық тасымал үшін арнайы рұқсаты бар көлік құралдары ғана пайдалануға болады.