Қаржы министрі Мәди Такиев енді мемлекеттік органдар үнемделген қаражатты қызметкерлерге сыйақы ретінде аудара алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Біз Қаржы министрлігі атынан қазынашылыққа сыйақыларға арналған шоттардағы қаражаттарды аударуға тыйым салдық. Егер мемлекеттік органдарда үнемделген қаражат болса, оны сыйақыға аударуға рұқсат жоқ. Бұл қаражат бюджетке қайтарылады. Бұл туралы бұрыннан айтқым келіп жүрген», — деді ол Мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, енді үнемделген қаражаттардан ғана емес, ешқандай көздерден сыйақы төленбейді.
«Сыйақы болмайды. Біз сыйақы үшін қаражат бөлінетін және ол алынатын 112 кодты жаптық», — деп толықтырды министр.