Мәжіліс мемлекеттік наградалар мен заңнамалық реттеу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Енді «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттары тек Қазақстан азаматтарына ғана беріледі. Сонымен қатар, заңға енгізілген өзгерістерде Құрмет грамотасы тізбеден алынып тасталды, ал ерлік көрсеткен немесе қайтыс болғаннан кейін батырлық үшін марапаттау мүмкіндігі бекітілді. Қазақстан азаматтығы бар аналарға ғана мемлекеттік марапаттар берілуі заңмен нақты белгіленді.