Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын нашар деп бағалаймын – Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындықтың олқылықтары туралы айтты.

27.06.2023
Саясат

«Қыстың қамын жазда ойла» деп бекер айтылмаған. Біз осы мәселені маусым айында әдейі ертерек қарап отырмыз. Жылыту маусымының басталуына дейін уақыт жеткілікті. Жөндеу жұмыстарының бекітілген кестелері бар. Оларды бұзуға болмайды. Қазірдің өзінде біз әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдардың жұмысынан бірқатар кемшіліктерді көріп отырмыз», — деді Смайылов.

Ол жүйелі оператор «KEGOC» компаниясы Жылу электр орталықтарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын бекіткенін айтты.

«Бірақ бұл жұмыстар көптеген өңірде кешігіп жатыр. Ал енді бірі жөндеу жұмыстарын тіпті келесі жылға қалдыруда. Мысалы, Атырау Жылу орталығында турбиналарды жөндеу жұмыстары басталған жоқ. Мерзімнің бұзылуы – 60 күнді құрап отыр. Рудный Жылу орталығында да осындай жағдай. 45 күннен бері жұмыс тоқтап тұр. Теміртау қаласының ГРЭС-1-дегі қазандықты жөндеу жұмыстары жоспардан мүлдем алынып тасталған. Айта берсек, мұндай мысалдар көп. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Олардың алдына қатаң түрде қарсы міндет қою керек», — деді ол.

Премьердің айтуынша, уәкілетті органдар 27 энергия өндіруші компания үшін көтерме тарифтерді бекітіп берді.

«Ол тарифтерді станциялардың өздері ұсынды. Министрлік ұсыныстарды қабылдады. Жылу желілерін жөндеу жұмыстарының қарқыны өте баяу. 47 жобаның 30-ында ғана жұмыс жүріп жатыр. Желілерді техникалық тексеру жұмыстары да біткен жоқ. Уәкілетті орган мен әкімдіктердің арасында үйлестірудің жоқтығынан осындай кемшіліктер орын алып отыр. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын нашар деп бағалаймын. Бірінші басшылардың, әкімдер мен министрлердің жауапты орынбасарлары «кабинетте отырмай» жұмыстың бел ортасында жүруі тиіс. Проблемаларды объектінің басында шұғыл шешу қажет», — деді ол.

Премьер атағандай, арқаны кеңге салатын уақыт жоқ.

«Жаз ортасы келіп қалды. Тәулік бойы жұмыс істеу керек. Бізде құрылыс маусымы өте қысқа. Сондықтан тәуекел де жоғары. Егер, жаз біткенше жағдай жақсармайтын болса, онда жауапты адамдарға қатысты кадрлық шешімдер қабылданатын болады», — деді ол.

Тегтер: Әлихан Смайыловжылыту маусымыҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz