Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Үкіметте оңтүстік өңірлердің егіншілерін сумен қамту шаралары қаралды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

13.07.2023
Саясат

Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова бүкіл егіндік судың 97%-ын тұтынып отырған Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы вегетациялық кезең су тапшылығы жағдайында өтіп жатқанын баяндады,

Алматы және Жетісу өңірлерінде су шаруашылығының жағдайы тұрақты. Сонымен қатар Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында су қоймаларына келіп жатқан судың деңгейі жеткіліксіз. Соның салдарынан сумен қамтамасыз етуде күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Мәселені шешу үшін Экология министрлігі тарапынан Қырғызстан мен Өзбекстанның уәкілетті ведомстволарымен мемлекетаралық нысандарды сумен қамтамасыз ету кестесін сақтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ағымдағы жағдай мен ұсынылған шаралар туралы баяндама жасады.

«Премьер-министр мемлекетаралық нысандарды сумен қамтамасыз ету бойынша келісілген кестелерді сақтаудың, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану бойынша көршілес елдермен бірлескен үйлесімді жұмыстың маңыздылығын атап өтті», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов суды ысырап етпей, жалпы АӨК-ке су үнемдеу технологияларын енгізу үшін еліміздегі гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау, жаңғырту және цифрландыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ мемлекетаралық каналдар арқылы келетін судың көлемін арттыру мәселесін жедел пысықтау қажеттігін атап өтті.

Тегтер: Үкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz