Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Үкіметте Алматының даму мәселелері қаралды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы және Алматы агломерациясын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп жазды Үкіметтің сайтында.

17.04.2023
Саясат

Атап айтқанда, орталық мемлекеттік органдардың басшылары 10 наурызда Үкімет басшысының Алматыға жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Әңгіме отандық тауар өндірушілерді қолдау, «Алтынкөл» теміржол стансасын дамытудың бас жоспарын әзірлеу, бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін кеңейту және құрылыс саласындағы бақылауды күшейту бойынша қабылданған шаралар туралы болды.

Алматының үлгісімен республиканың барлық өңірлерінде шағын өнеркәсіп парктерін құру бойынша қадамдар әзірленгені жеке атап өтілді.

Кеңеске қатысушылар оңтүстік астанадағы сауда ағынын оңтайландырып, көлік инфрақұрылымын жеңілдететуге мүмкіндік беретін көтерме тарату және сауда-логистикалық орталықтар желісін дамыту жоспарларын да талқылады.

Сонымен қатар Алматы қаласының бас жоспарын және Алматы агломерациясын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу туралы, сондай-ақ қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, ауқымды сейсмоаудит жүргізу туралы баяндама жасалды.

Премьер-Министр ұсынылған тәсілдерді қолдап, жоспарланған жұмыстарды сапалы орындау қажеттігін атап өтті.

«Агломерацияны есепке алатын болсақ, Алматы – халық көп шоғырланған еліміздің ең маңызды өңірлердің бірі. Сондықтан әкімдік пен бизнес тарапынан қойылған түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуіміз керек. Жұмыс сапарының қорытындысына сәйкес 28 тапсырма берілді, мемлекеттік органдар оларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша жұмысты жалғастыруы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ кеңесте Алматы қаласының индустриалды аймағын кеңейту, экологиялық мәселелерді шешу, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға отандық тауар өндірушілерді тарту, 100 жаңа ірі қосымша білім беру нысандарын салу, ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша және басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

Тегтер: Әлихан СмайыловҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz