Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Терроризмге қарсы күрес басқармасының басшысы Владимир Воронковпен және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Терроризмге қарсы күрес комитеті Атқарушы директоратының атқарушы директоры Наталья Германмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

14.07.2023
Саясат

Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумына қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының делегациясына алғыс айтты.

«Сіздер бұл форумға қатысу арқылы аталған жиынға маңызды қолдау көрсетіп отырсыздар. Қазіргі әлемде болып жатқан оқиғаларды ескерсек, конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер өте өзекті. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын толықтай қолдайды. Мен бұл жөнінде барлық халықаралық іс-шараларда үнемі айтып жүрмін.  БҰҰ-ға мүше  басқа мемлекеттердің бәрі Ұйым Жарғысында бекітілген қағидаттарды мүлтіксіз сақтауы керек деп санаймын. БҰҰ – Қазақстан үшін баламасы жоқ әрі әмбебап халықаралық ұйым. Ұйымға мүше елдердің әрқайсысы оның қызметін жетілдіру ісіне барынша үлес қосуға тиіс. Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қызметін жоғары бағалаймыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, оған ізгі тілегім мен сәлемімді жолдаймын. Қазақстанға келер болсақ, біздің тарапымыздан БҰҰ-ның кең ауқымды қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бүгінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттігі туралы көп айтылып жүр. Бұл мәселе демократия қағидаттарына сай егжей-тегжейлі талқылауға лайық деп санаймыз. Әрбір ел бұған өз үлесін қосып, пікірін айта алады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

БҰҰ өкілдері Қазақстанның бұл саладағы күш-жігеріне жоғары баға беріп, еліміз БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес мәселесінде көшбасшылардың бірі екеніне назар аударды.

Владимир Воронков Астанада қауіпсіздік жөнінде Форум өткізудің маңызды екенін атап өтіп,  бұл жиын диалог пен өзара сенімді қалпына келтіруге, ортақ шешімдер іздеуге арналған алаңдардың біріне айналғанын жеткізді.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz