Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін салынатын айыппұл өседі

Қазақстанда рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын әкімшілік айыппұл өсуі мүмкін. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов министрліктерге тапсырма берді.

26.09.2023
Саясат

Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдарға 1 қарашаға дейін Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын бекітуді тапсырды. Бұған қоса, әкімдіктер жыл соңына дейін рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін 2 есеге қысқартуы керек.

«Экология министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту үшін заңнамалық түзетулер енгізсін. Әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту қажет, заң бұзу фактілері қайталанса, соған сәйкес салынатын айыппұл мөлшері де өсуі керек. Сондай-ақ, Экология министрлігі қалдықтарды бөліп жинауды, оларды утилизациялау мен қайта өңдеуді енгізудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, қолданыстағы заңнамаға түзетулер әзірлеуі қажет», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-Министр қалдықтарды жоюдың қазіргі жүйесі, оның ішінде тариф мәселесі еш сын көтермейтінін айтып, жыл соңына дейін жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.

«Экология министрлігі әкімдіктермен бірге 1 желтоқсанға дейін еуропалық озық тәжірибені ескеріп, қалдықтарды жойып, қайта өңдейтін жаңа зауыттар салу бойынша сыныстар әзірлеуі тиіс. Ол үшін тиісті заңнамалық база бар. Мәселен, Швеция, Франция, Жапония сияқты әлемнің кейбір елдерінде зауыттар үлкен жерді алып отырған жоқ, онда түтін мен иіс шығармайтын технологиялар қолданылады. Экология, Оқу-ағарту, Ғылым министрліктері жыл соңына дейін қоқыспен жұмыс істеу мәдениеті мәселелерін әзірлеп, оны балабақшадан бастап университетке дейін оқу бағдарламаларына енгізуі керек. Қалдықтарды бөліп жинау мен қайта өңдеу іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымыздың маңызды бөлігіне айналуы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін Премьер-Министр Қазақстанда жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналатынын, еліміздің қоқыс жоюдың әбден ескірген әдісін қолданатынын айтқан еді.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz