Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, UNFPA атқарушы директоры Наталия Канеммен кездесу өткізді

Тараптар ҚР әлеуметтік саласын, оның ішінде білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, жастарды қолдау жөніндегі бастамаларды, сондай-ақ Алматыда UNFPA көшбасшыларының жаһандық кездесуін өткізу мәселелерін талқылады.

16.05.2023
Саясат

Премьер-Министр Үкімет БҰҰ-мен, атап айтқанда, әлеуметтік салада халықаралық озық тәжірибелер мен дағдыларды іске асырумен айналысатын Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен (UNFPA) қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті.

Сонымен бірге ол БҰҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен басымдықтары 2021-2025 жылдарға арналған Негіздемелік бағдарламада айқындалғанын, оны жүзеге асыру Қазақстанға нақты оң нәтижелер беріп отырғанын айтты.

Сонымен қатар Үкімет әлеуметтік саланы дамыту бойынша мақсатты жұмысты жалғастырып келеді.

Мәселен, 1 қаңтардан бастап азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету қажеттілігін анықтауға көмектесетін Отбасының цифрлық картасы енгізілді.

Е-Денсаулық бірыңғай платформасы аясында денсаулық сақтау жүйесін толық цифрландыру жүргізілуде.

Ауылдық денсаулық сақтауды кешенді жаңғырту басталды, бұл 4 млн ауыл тұрғынына медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 600-ден астам дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады, осы жылдан бастап 32 ауданаралық аурухананы жаңғырту басталады.

«Біз жастардың жағдайына да ерекше көңіл бөлеміз. Жастар саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, онда табыс деңгейін арттыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және сапалы білім беру шаралары қарастырылған», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Наталия Канем Қазақстанның соңғы жылдары әлеуметтік саланы дамытуда қол жеткізген жоғары нәтижелерін атап өтіп, UNFPA жаңа бастамаларды жүзеге асыруда республикаға көмек пен техникалық қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екенін растады.

«Біз Үкіметтің жастарды, әсіресе, республика бойынша ашылған жастар денсаулық орталықтарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі күш-жігерін құптаймыз. Бұл тамаша жетістік, озық тәжірибенің үлгісі, біз бұл туралы Алматыда сөзсіз айтатын боламыз, онда әлемнің түкпір-түкпірінен UNFPA-ның 200-ден астам көшбасшысы жиналады. Осы тұрғыда өмірлік дағдыларға негізделген білім беру тұжырымдамасының маңыздылығын да атап өткім келеді, UNFPA бұл бағытты қолдауға дайын», — деді Наталия Канем.

Тегтер: Әлихан СмайыловБас хатшыБҰҰНаталия Канем

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz