Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдер мен ата-аналарға үндеу жасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім басқармаларының, аумақтық департаменттердің, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен шұғыл кеңес өткізді.

16.04.2023
Саясат

Аталған кеңесте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үндеу жасады.

«Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында жәбірлеу жағдайлары жиілеп отыр. Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында болған оқиғалар ешкімді бей-жай қалдырмағаны белгілі. Алматы облысындағы екі баланың өліміне себеп болған қайғылы оқиға жаныма қатты батып отыр. Балалардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», — деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, бір өкініштісі жәбірлеу кең таралған құбылыстардың біріне айналып бара жатыр. Жасөспірімдердің жантүршігерлік қылығы мен бір-біріне қатыгездік танытуы ақылға сыймайтын дүние.

«Қазіргі уақытта Ішкі істер министрімен және әкімдікпен байланыстамыз. Жергілікті жерде құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, комиссия жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы кешенді жоспар әзірлеу жөнінде бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Министрлік заңнамалық базаны жетілдіру жұмысын да жүргізіп келеді. Баланың жәбірленуден қорғануға құқығы бекітілді. Ол үшін Балалар арасындағы жәбірлеудің алдын алу ережесі, Мектептердің психология қызметтің жұмыс ережесі, Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу алгоритмі қабылданды», — деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Еліміздің әр өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істеуде. Олардың байланыс нөмірлері @oqu_agartu_ministrligi парақшасында жарияланды. Балалар мен ата-аналарға жедел көмек көрсету үшін «Бала қорғау» телеграм-чаты жұмыс істеп тұр.

«Осы шаралардың бәрі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруды көздейді. Балалардың қауіпсіздігі ҚР Оқу-ағарту министрлігі жұмысының ең маңызды бағыты әрі басты назарында болып қала береді», — деді министр.

Аталған шұғыл кеңес қорытындысы бойынша министр тәрбие жұмысы және ата-аналармен өзара іс-қимылды күшейту бойынша тапсырмалар берді.

Еске сала кетсек, Алматы облысы Саты ауылында төбелес кезінде 10-сынып оқушысы көз жұмды. Көп ұзамай осы ауылда тағы бір оқушының өзіне қол салғаны белгілі болды.

Тегтер: Басты жаңалықтарҒани Бейсембаевүндеу

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz