Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Мемлекет басшысына өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

14.03.2023
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Кездесу барысында облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту шараларына баса назар аударылды. Атап айтқанда, игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, ауыл шаруашылығы айналымына қосу, ирригация жүйелерін қалпына келтіру және инновациялық агротехнологияларды қолдану арқылы егін өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, қант өндірісі саласының дамуы ұдайы бақылауда. Ақсу қант зауытын іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл кәсіпорын 40 мың тоннаға дейін қант құрағын өндіруді жоспарлап отыр. Жалпы өңірде осы жылы 132 мың тоннаға дейін қант өндіріледі. Бұл облыстың қантқа деген қажеттілігін толық өтеп қана қоймай, өнімді басқа өңірлерге де жеткізуге мүмкіндік береді. 2026 жылға қарай қант қызылшасы алқабын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына тұрғын үй құрылысы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жол инфрақұрылымының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жай-күйі, оның ішінде өңірдің газбен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде Жетісу облысындағы 22 елді мекенге газ құбыры тартылып, 288 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін тағы 20 елді мекен газға қосылады.

Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін облыста 23 мектеп салу жоспарланып отыр. Соның ішінде 10 мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілмек. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 59 медицина нысанын салу, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 57 блокты-модульді бөлімшелерді пайдалануға беру көзделген.

Президентке «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының даму барысы жөнінде баяндалды. Оның аумағында индустриялық парктің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевқа инвестиция тарту үшін туризм, көлік және логистика салаларының әлеуетін барынша тиімді пайдалануды тапсырды.

Мемлекет басшысы өңірде агроөнеркәсіп кешені мен қант өндіру саласын дамыту, сондай-ақ игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару ісін жалғастыру маңызды екенін айтты.

Тегтер: Бейбіт ИсабаевЖетісу облысымемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz