Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент сайлауы: Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құрылады. Бұл туралы AMANAT партиясының төрағасы – ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

06.10.2022
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

«Өздеріңізге белгілі, бізден басқа да бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөнінде келісімге келдік», — деді ол AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.

Ерлан Қошанов бүгін Президент Қ.Тоқаевтың қатысуымен форум өтетінін айтты.

«Түстен кейін осы ғимаратта Мемлекет басшысының қатысуымен үлкен форум өтеді. Соған бәріміз қатысамыз. Баршаңызды Әділетті Қазақстан құру жолындағы игі бастамаларды іске асыру үшін жұдырықтай жұмылуға шақырамын», — деді партия төрағасы.

Еске салайық, бүгін AMANAT партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімін қабылдаған болатын. Сондай-ақ бүгін «Қазақстан Халық партиясының» кезектен тыс съезі өтіп, делегаттар алдағы сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.

Бұған дейін Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке мәслихаттар депутаттарынан құралған республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Qazaqstan Team» қоғамдық бірлестігі, Ұлттық волонтерлік желісі ұсынған еді.

Тегтер: сайлауТоқаев

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz