Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

22.03.2023
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

«Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

Қоғамдағы татулық пен келісім дәстүрлері ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпы түгел тоғысқан осы мейрамның сипатына сай келеді. Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды.

Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Халқымыз Наурыз мейрамын әрдайым жақсылықтың жаршысына балаған. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Түбегейлі өзгерістер қастерлі Отанымызды өркендетуге тың серпін береді деп сенемін. Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, қолға алған игі бастамаларымыз оңынан болсын, ағайын!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!

Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!», — делінген құттықтауда.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысымерекенаурыз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz