Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

05.07.2023
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас достық пен ынтымақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Швейцарияның Алматыдағы Құрметті консулдығы қызметінің басталуымен құттықтады. Оның ресми ашылу рәсіміне Иньяцио Кассис қатысты.

Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екенін айтты. Қазіргі уақытта Швейцария Қазақстанның  жетекші 20 сауда серіктесінің қатарына кіреді. Елімізге жалпы көлемі 32,5 миллиард доллардан астам инвестиция құйған үш ірі инвестордың бірі.

«Біз Қазақстан экономикасының перспективті салаларына инвестиция құюға дайын жаңа швейцариялық компанияларды қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі мен Stadler теміржол концерні арасында қол қойылған келісімнің келешегі зор деп ойлаймын. Сондықтан осы мәміленің жүзеге асырылу барысын ерекше қадағалаймыз. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тың серпін береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті Ален Берсеге ізгі тілегін жолдады.

Иньяцио Кассис екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі даму деңгейіне оң баға беріп, оны нығайту ісіне атсалысуға дайын екенін жеткізді. Швейцарияның Сыртқы істер министрі елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

«Екіжақты сауда мен инвестиция тығыз байланыстарымыздың маңызды бағыты саналады. Өзіңіз айтқандай, егер Швейцарияның жеке компаниялары сіздің еліңізге инвестиция құйса, бұл реформаларыңыздың табысты жүзеге асуына, сондай-ақ қаржы салу үшін жасалатын жағдайдың жақсаруына ықпал етеді», – деді министр.

Әңгімелесу барысында өңдеу өнеркәсібі, сауда және логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, қаржы қызметтері, цифрландыру, білім беру салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар кездесуде халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Тегтер: Иньяцио КассисҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz