Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Қанат Шарлапаевты қабылдады

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады.

31.07.2023
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылдың І жартыжылдығындағы «Бәйтерек» холдингі қызметінің нәтижелері, соның ішінде кәсіпкерлерді, агроөнеркәсіп кешенін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Президентке ұсынылған мәлімет бойынша ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 млрд теңге. Холдинг «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді қолдайды. Қор 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетті.

Жыл басынан бері «Отбасы Банкі» 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен. Банк баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасына да белсенді қатысып келеді. Бағдарлама аясында І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бірінші  жартыжылдықта аталған бағыт бойынша 9 мыңнан астам өтінім мақұлданды.

Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілгені туралы хабарланды. Биыл 3,5 млн гектар  жерге егін егілді. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға тиесілі.

Кездесу соңында Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz