Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті

Президент Самарқанд қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Саммиті аясында Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

10.11.2022
Саясат

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

«Біздің елдер арасындағы байланыс жақсы дамып келе жатыр. Әйтсе де біз екі мемлекеттің ынтымақтастығына тың серпін беруіміз керек деп ойлаймын. Әсіресе, арадағы сауда айналымының көлемі әлі де қанағаттанарлық деңгейде  емес. Бұл бағытта  екі елдің де әлеуеті зор. Мажарстан – Қазақстан үшін маңызды серіктес ел. Сіз Премьер-министр ретінде біздің түрлі саладағы ынтымақтастығымызды ілгерілетуге көп еңбек сіңіріп келе жатқаныңызды білемін», – деді Мемлекет басшысы.

Ақорда баспасөз қызметі

Өз кезегінде Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан екіжақты кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

«Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Мен осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет  Премьер-министр қызметін атқарғанда Қазақстан мен Мажарстанның мәдени, экономикалық байланыстары өте берік болғанын білемін.  Енді  екі елдің ынтымақтастығына бизнес өкілдері тың серпін беруі керек. Қазақстанның ірі компаниялары Мажарстанға инвестиция құйса, экономикалық қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтерілер еді», – деді Мажарстан Премьер-министрі.

Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Ақорда баспасөз қызметі
Тегтер: Қасым-Жомарт ТоқаевМажарстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz