Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Марат Сұлтанғазиевқа бірқатар тапсырма берді

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14.03.2023
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Өңір басшысы Президентке облыс экономикасының өсімін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сондай-ақ жаңа облыс орталығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі саласы бойынша тұрақты өсім көрсеткіші сақталған. 37,2 мың жұмыс орны ашылған. Оның 26,3 мыңы – тұрақты жұмыс.

Сонымен қатар облыс әкімі өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру, тұрғындар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттар салдарынан болатын залалды мүмкіндігінше азайту жөнінде мәлімет берді.

Президентке облыс орталығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының әзірлену барысы туралы баяндалды.

Әкім көктемгі егін егу жұмыстарына, саяжай алаптары жөніндегі түйіткілдердің шешілуіне, инженерлік инфрақұрылымның реконструкциясына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға қатысты мәселелер туралы да айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қонаев қаласын дамыту жоспарын пысықтау жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ облыс аумағын кешенді дамыту міндеттерін жүзеге асыруды тапсырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Басты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz