Конституциялық соттың судьялары тағайындалды

Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Конституциялық соттың 3 судьясын қызметке тағайындайды. Жалпы отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кандидатураларды ұсынды. Дауыс беру нәтижесінде Ерлан Сәрсембаев, Асан Ескендіров, Айгүл Қыдырбаева судья қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы лауазымына тағайындалды.