Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Коммуналдық саладағы 200 мың жұмысшының айлығы 50 пайыз өседі 

Amanat партиясы фракциясының халық табысын арттыру бағдарламасы талқылаған жиынында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров коммуналдық сала қызметкерлерінің тұрақсыздығын қалай тежеуге болатынын айтты.

02.06.2023
Саясат

«2023 жылы 6 мың дәрігердің орташа жалақысы және орта медициналық персоналдың орташа жалақысы, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің орташа жалақысы ұлғайтылатын болады. Азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру басталды. Коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің жалақысын өңірлер бойынша орташа салалық деңгейге дейін орта есеппен 50%-ға жуық арттыру үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды. Бұл шара шамамен 200 мың қызметкердің табысын арттыруға, сондай-ақ кадрлар тұрақсызыдығын азайтуға мүмкіндік береді», — деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейіне де жетпейтін қазақстандықтардың үлесі 5,2% шамасында.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс күші 9,4 млн адам болды. Жұмыспен қамтылған халық – 9 млн адам, жалдамалы қызметкерлер – 6,8 млн адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2,1 млн адам. Оның ішінде 1,6 млн адам жеке кәсіпкер болып есептеледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27% өсіп, 1,8 миллионнан асты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың саны 18,3% артып, 4,1 миллионға жетті. Экономикадағы шағын және орта бизнес үлесі 33,3%-дан 36,5%-ға дейін өсті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,2% болды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% болып тіркелді», — деді ведомство басшысы.

Тегтер: Әлібек Қуантыровжалақы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz