Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Енді жеке клиникаларға талап күшейтілмек

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі емханалардағы ұзын-сонар кезекке қатысты түсінік берді.

18.10.2023
Саясат

«Біріншіден, цифрландыру дамып келеді. Әрине, біз мұны бір жылда іске асыра алмаймыз. Бұл бағытта ауқымды жұмыс бар. Қазақстандағы медицина саласында цифрландыру жақсы дамып отыр. Қазір тұрғындарды тіркеуге арналған қосымша жасақталған, сондай-ақ адамдар алдын ала жазылып, анализдерін алып, дәрігерге хабарласа алады. Екіншісі – инфрақұрылым. Мәселен, кейінгі 30-40 жыл ішінде негізінен мегаполистерде кезек пайда болды, яғни ірі қалалық емханалар сұранысқа сәйкес салынбады. Өзінің мүмкіндігіне қарай Астанадағы бір емхана 60 мың адамға қызмет көрсетуі керек. Ал шын мәнінде 80-90 мыңды қамтып отыр», — деді А. Ғиният Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, емханалардың аздығы ұзын-сонар кезекке алып келеді.

«Бұл өз кезегінде дәрігерге және халықтың санына есептелмеген инфрақұрылымға қосымша жүктеме. Сондықтан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жеке клиникаларға мемлекеттік тапсырыс беру туралы шешім қабылданды. Келісімшарт міндеттемелерін нақты орындайтын жеке клиникалар бар, сондай-ақ қызметтерінің 80 пайызын аутсорсингке беретін емханалар да кездеседі. Осының салдарынан кейбір тұрғындар дәрігерге қаралу үшін қаланың түкпір-түкпіріне баруға мәжбүр. Бұған жол бермеу тұрғысында талаптарды күшейтпекпіз. Медициналық көмектің сапасын талап етеміз», — деді министр.

Тегтер: Ажар Ғиният

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz