Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Елордада он жасар қызын көшеде ұрған әйел 30 мың теңге айыппұлмен құтылды

Астанада көшеде қызын сүйреп жүріп қол жұмсаған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alataunews.kz елорда сотына сілтеме жасап.

02.11.2022
Саясат

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

«Сотта анасы баланы жалаңаяқ, сырт киімсіз, спорт формасымен көшеге шығарып, қызының басын жанында тұрған көлікке ұрғаны анықталды. Сот барысында анасы әрекетін мойындамай, қызын көлікке отырғызып, есікті жабуға тырысқанын түсіндірді. Осы кезде қызы көлікке отырудан бас тартып, автокөлікке шынтағын соғып алған», — делінген соттың хабарламасында.

Елорда сотының шешіміне сай баланы ұрып-соғу фактісі бейнежазбамен расталды.

Сондай-ақ, сот анасының мінез-құлқын жас баланың дамуына жол бермейтін және зиян тигізетін қылық деп таныды.

Заң бойынша ата-ана баланың физикалық, психикалық және моральдық қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайды жасауға міндетті.

Сот әйелді бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі), өйткені оның әрекеті тәрбиенің рұқсат етілмеген әдісіне жатады.

«ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаны көздейді. Сот анасына ең жоғары жаза – 10 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады», — дейді қалалық соттан.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz